Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
537.84 626.85 6.79

«BIRLIK» ансамблі Парижде өнер көрсетті

Бүгін, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «BIRLIK» ансамблі Парижде өнер көрсетті.

Қазақстандағы алғашқы көпұлтты «BIRLIK» би ансамблі Париж көрермендерін еліміздің бай мәдени мұрасымен таныстырды. Концерттік бағдарламада қазақ би өнерінің ең үздік туындылары орындалды. Солардың ішінде Нұрғиса Тілендиевтің аңызға айналған күйіне қойылған әйгілі «Аққу» биі де бар.

Ансамбль сонымен қатар өзбек, тәжік, корей, түрікмен, татар және үнді халықтарының билерін орындап, әр ұлттың өзіне тән әсем қимыл-қозғалысын, бояуы қанық ұлттық нақышын паш етті. Бұл концерт бауырлас халықтар мәдениетінің бір арнада тоғысқанын көрсеткен өнер мерекесіне айналды.

Сонымен бірге халықаралық байқаулардың лауреаты, «BIRLIK» ансамблінің көркемдік жетекшісі Анель Марабаева мен әйгілі қобызшы, этно-джаз бағытындағы «The Magic of Nomads» тобының жетекшісі Ғазиза Ғабдрахимова шеберлік сабақ өткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив