Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
537.84 626.85 6.79

Алматыда «Оркестр түні» жобасы аншлагпен өтті

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

15-16 қазан күндері Almaty Theatre сахнасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің авторлық жобасы – «Оркестр түні» өз көрерменімен алтыншы рет қауышты.

Бұл жоба – жай ғана концерт емес, ұлттық музыка мен әлемдік классиканың, заманауи сахна мәдениеті мен дәстүрлі орындаушылықтың тоғысқан ерекше синтезі.

Кеш барысында қазақтың дәстүрлі ән-күйлерімен қатар әйгілі кинофильмдердің үздік саундтректері де орындалды. Солардың қатарында Hans Zimmer мен John Powell-дың «Kung Fu Panda», Anthony Newley мен Leslie Bricusse-тің «Feeling Good», Kenny G-дің «The Moment», Ed Sheeran-ның «Perfect», сондай-ақ Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу», Ескендір Хасанғалиевтің және М.Құсайынов пен Т.Молдағалиевтің «Жігіттер жыры» сияқты туындылары бар. Кеште жаңа музыкалық өңдеулер мен тың шығармалардың орындалуы көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Сахна төрінде ұлттық оркестрмен бірге қазақ эстрадасының жұлдыздары – MELOMEN тобы, Бейбіт Көшқалиев, Нұргүл Нұғыманова, Құндыз Серікова, ұлттық оркестрдің артисі Ақайша Жұрбай, П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Алатау» жастар хоры және Shaiqa Drum Show тобы өнер көрсетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив