Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
491.88 585.83 6.36

«ҮРКЕР – 2025» ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау жалғасуда

17-10-2025, 16:10 Думан Кенжеғазыұлы

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР – 2025» ұлттық сыйлығына өтінімдерді қабылдау жалғасуда.

​Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

Өтінімдер 2025 жылғы 20 қазанына дейін қабылданады.

​Конкурстық жұмыстар 2024 жылғы 12 тамыз бен 2025 жылғы 30 қыркүйек аралығында республикалық немесе өңірлік баспа және интернет-басылымдарда жариялануы, не радио эфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына ғана қатыса алады.

​Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:

• Жылдың үздік сұхбаты
• Жылдың үздік репортажы
• Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
• Жылдың үздік журналистік зерттеуі
• Жылдың үздік аналитикалық материалы
• Радиостанциядағы үздік жоба
• Жылдың үздік фотосуреті
• Жылдың үздік жаңалықтар порталы
• Жылдың үздік өңірлік БАҚ
• Жылдың үздік подкасты
• Жылдың үздік YouTube-арнасы

Жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинация жеңімпазына «ҮРКЕР – 2025» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.

«ҮРКЕР» ұлттық сыйлығы – баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі.

 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив