Абай облысында «Таза Қазақстан» аясында студенттерге экологиялық дәріс өтті
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Шәкәрім университетінің орман шаруашылығы мамандығының студенттері «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметкерлерімен кездесті.
Шара барысында мамандар студенттерге орман шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар, орманды қорғау және қалпына келтіру шаралары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ орман өрттерінің алдын алу, орман ресурстарын тиімді пайдалану және экологиялық тепе-теңдікті сақтау мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде студенттер экология саласында білім мен тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ сұрақ-жауап форматында өз ойларымен бөлісіп, экологиялық мәселелер бойынша пікір алмасты.
#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan