Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
538.53 623.94 6.59

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Кеше, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Абай облысы мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясы өтті. Сессияға облыс әкімі Берік Уәли, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, депутаттар, басқарма басшылары қатысты.

Сессия барысында облыс аумағында тіркелген азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, соның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы шешімге өзгерістер енгізу, 2025-2030 жылдарға арналған Абай облысының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын бекіту, облыс бойынша тексеру комиссиясының ережесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдау мәселелері қаралды.

Жиын барысында депутаттар тарапынан денсаулық сақтау, жол инфрақұрылымы, көлік қатынасына байланысты депутаттық сауалдар жолданды.

Сессия соңында сөз алған аймақ басшысы күнтәртібінде талқыланған мәселелердің өңіріміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдар екенін атап өтті.

«Азаматтарымызға амбулаториялық емдеу кезінде қосымша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тегін беру – бұл әлеуметтік әділеттіліктің және мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі. Денсаулық сақтау басқармасы осы бағыттағы жұмыстарды тиімді әрі ашық ұйымдастыруы қажет. Сондай-ақ, 2025-2030 жылдарға арналған жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы – облыстың инфрақұрылымдық әлеуетін арттырудағы маңызды құжат. Тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынауын қамтамасыз ету – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бұл бағытта аудан, қала әкімдері нақты жобаларды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуі керек», - деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив