Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Абай облысында заңсыз айналымнан 415 килограмм есірткі тәркіленді

20-10-2025, 14:22 018.kz

Нашақорлық пен оған қатысты құқықбұзушылықтар қоғам қауіпсіздігі мен ұлт денсаулығына төнген өзекті қауіптердің бірі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы Полиция департаменті Семей қаласы Полиция басқармас Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы полиция майоры Алиман Бегешханов хабарлады.

Абай облысы бойынша биыл заңсыз есірткі айналымы саласында 185 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 85-і ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстарға жатады.

– Заңсыз айналымнан 415 килограмм түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде марихуана, гашиш және психотроптық заттар бар. Ауыр қылмыс жасағаны үшін 30 адам ұсталды, олардың бірі – облыс орталығындағы колледж студенті, кәмелетке толмаған жасөспірім, – деді Алиман Бегешханов.

1 маусым мен 31 қазан аралығында облыс аумағында есірткі өсіру мен таратудың алдын алу мақсатында «Қарасора–2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

– Іс-шара басталғаннан бері Абай облысында 97 есірткі құқықбұзушылығы анықталды. Облыстағы өзекті мәселенің бірі – халық арасында «тұз» деп аталатын синтетикалық есірткілердің таралуы. Соңғы үш жылда наркологиялық есептегі адамдар саны 3–37 есеге дейін артқан, - деп атап өтті полиция майоры.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив