Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
455.86 528.84 5.25

Антикор төрағасы Асхат Жұмағали Митталмен кездесті

17-04-2023, 13:53 Думан Кенжеғазыұлы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали БҰҰ БҒП өңірлік өкілі Ашита Митталмен кездесті.

Кездесу барысында Асхат Жұмағали БҰҰ өкілдерін Агенттіктің ағымдағы жоспарларымен және заңнамалық бастамаларымен, оның ішінде бизнес пен кәсіпкерлікті қорғау, сондай-ақ заңсыз шығарылған активтерді қайтару саласында жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.

Антикор басшысы Агенттіктің 2022 жылдан бастап Қазақстан бюджетіне мүлік, активтер және ақша қаражаты түрінде 1,4 млрд АҚШ долларынан астам ақшаны қайтаруды қамтамасыз еткенін хабарлады.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту, жоғары технологияларды, оның ішінде криптовалютаны пайдалана отырып, жемқорлық фактілерін тергеуде тәжірибе алмасу мүмкіндігін талқылады.

Миттал ханым Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын жоғары бағалап, сараптамалық көмек көрсетуге және әріптестікті нығайтуға дайын екенін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив