Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
538.11 623.51 6.61

Сенаторлар Халық қаһарманы Ғазиза Байтасов туралы фильмнің премьерасына қатысты

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіп, Талғат Жүнісов, Айгүл Қапбарова, Әсем Рахметова, Руслан Рүстемов және Амангелді Есбай адамдардың өмірін сақтап қалған халық қаһарманының өміріне арналған «Капитан Байтасов» кинофильмінің тұсаукесеріне қатысты.

Нұртөре Жүсіп шара барысында Сенат Төрағасының фильм авторлары мен қонақтарға арнаған құттықтау сөзін оқыды. Сенатор бұл шара Қазақстан тарихында ерлік пен борыш және Отанға деген сүйіспеншіліктің символы ретінде мәңгі қалатын адамға арналғанын атап өтті.

«Қоғам рухани бағдарларға ерекше мұқтаж болған дәуірде мұндай адамдардың ерлігі біздің арамызда нағыз батырлар өмір сүретінін еске салады. Олар атақ-даңқ іздеген жоқ, мойындауды күтпейді – тек ар-ождан мен парызын адал атқарды және сол үшін жанын қиды. Ғазиз Байтасовтың ерлігі мұңды тарих емес, басқаларды құтқаруға өмірін арнаудан тартынбаған ержүрек адам туралы әңгіме. Бұл жанқиярлық белгісіз ұғым емес, ең қиын сәтте жасалған нақты әрекет екендігінің дәлелі», - деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор фильм офицердің жеке басын, оның жан дүниесін, антқа адалдығын және бейбіт азаматтардың өмірі үшін өзін құрбан етуге дайындығын паш еткенін атап өтті. Депутаттың айтуынша, фильм тек көркем шығарма ғана емес, барлық қазақстандықтар көруі тиіс кино шежіре болып отыр.

«Капитан Байтасовтың ерлігі – болашақ ұрпақты тәрбиелеуге үлгі екені ақиқат. Ол сөз бен іске адал, рухы күшті болуға үйретеді. Қазіргі уақытта дәл осындай мысалдар өмір сүруге құлшындырады, биік ар-намыс және басқаларды қорғауға дайын болу – жігерлі жанның болмысы екенін айғақтайды. Біз оны балаларымызға, студенттерге, курсанттарға - ертең бейбітшілік пен әділеттілікті күзететін барлық адамдарға айтып жүруге, өнеге етуге міндеттіміз. Оның есімін айтқан сайын біз қауіпсіздік пен тыныштықтың маңызы зор екенін еске аламыз. Капитан Байтасовтың үлгісі біз үшін әрқашан адамгершілік бағдар, адамға деген сенім мен жігер беретін күш-қуаттың қайнар көзі екені даусыз», - деді Нұртөре Жүсіп.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив