Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

ФИДЕ-нің мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы шахматтан екінші олимпиадасының ашылуы өтті

21-10-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ФИДЕ-нің мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы шахматтан екінші олимпиадасының ашылу рәсіміне қатысты.

Сондай-ақ олимпиаданың ашылуында Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович пен Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов болды.

Мемлекеттік кеңесші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың олимпиада қатысушыларына арнаған құттықтау сөзін оқып берді. Мемлекет басшысының сөзінде еліміздің инклюзивтілік қағидаты негізінде шахматты жан-жақты дамытуға белсенді үлес қосып жатқаны айтылған. Аталған олимпиада мемлекетіміздің шахматқа айрықша көңіл бөлетінін білдіріп қана қоймай, сондай-ақ Әділетті Қазақстан тұжырымдамасына сай баршаға тең мүмкіндіктер ұсыну қағидатын ілгерілетуге бейіл екенін көрсетеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив