Өндіріс әлеміне қадам: Абай облысының жастарына кәсіптік бағыт берілді
«Семей құрылыс материалдары» ЖШС кәсіпорнында Абай облысының колледж студенттеріне арналған кәсіби бағдар беру экскурсиясы өтті.
Экскурсия барысында студенттерге өндірістің жұмыс барысы, құрылыс материалдарының дайындалу кезеңдері мен заманауи техникалардың қолданылуы таныстырылды. Жастар шифр мен басқа да материалдарды тиеу процесін, кран-балка және жүк тиегіштердің жұмысын көріп, өндіріс орнымен жақын танысты.
- Бұл жастарға нақты өндіріс процесін көруге, құрылыс саласының маңызын түсінуге мүмкіндік береді. Біз кадрлық әлеуетті дамыту мен жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге бағытталған жобаларды қолдауға әрқашан дайынбыз», – деді «Семей құрылыс материалдары» ЖШС-нің коммерциялық директоры Юрий Давыдов.
Жастардың өндірістік кәсіптерге деген қызығушылығы артып, олар еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтардың ерекшеліктерін тереңірек түсінді. Бұл бастама өңір жастарының кәсіби өсуіне және өндіріс саласына тартылуына жол ашады.
- Бүгін бізге шифр тиеу процесін және түрлі станоктар мен жүк тиегіштердің жұмысы таныстырылды. Болашақта өз мамандығым бойынша жұмыс істегім келеді. Кәсіби бағдар беру аясында бірнеше кәсіпорында болдым, өндірістік тәжірибеден өттім. Осындай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса екен деймін, өйткені бұл бізге болашақ мамандығымызды жақсырақ түсінуге көмектеседі,- дейді Политехникалық колледждің студенті Илья Волков.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы





