Сенаторлар палата отырысының күн тәртібін бекітті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 20 сәуірде өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.
Отырысты ашқан Мәулен Әшімбаев сенаторлардың өткен аптада Ресей Федерациясына жасаған сапарына, соның барысында ТМД елдерінің депутаттарымен бірлесіп талқыланған міндеттерге тоқталды.
Сонымен қатар Бюро мүшелері Палатаның алдағы отырысының күн тәртібін бекітті. Соған сәйкес бейсенбі күні сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды. Бұл Келісім мемлекеттік шекарада Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы қатынастардың құқықтық негізін өзара белгілеуді және реттеуді көздейді.
Сондай-ақ Бюро отырысында бұған дейін Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың Комитеттеріне бөлініп берілді.
Суретті түсірген: Н. Байбулин