Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Ұлттық палата, Kazakh Tourism және Anex tour Kazakhstan бірлескен меморандумға қол қойды

17-04-2023, 17:29 Думан Кенжеғазыұлы

Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес туристік өнімдерді ілгерілетуге, тәжірибе алмасуға және әріптестік қатынастарды дамытуға жәрдемдесу жолымен туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін қажетті шараларды қабылдайды.

 Бүгін Алматыда THE HEART OF CENTRAL ASIA халыкаралык бизнес-форумында «Атамекен» ҰКП, Kazakh Tourism АҚ және Anex tour Kazakhstan ЖШС  арасында меморандумға қол қойылып, тараптар конференцияларды, туристік көрмелерді, форумдарды және басқа да арнайы өңірлік іс-шараларды қоса алғанда, бір-бірінің жыл сайынғы іс-шараларына шақырулармен алмасатын болады.

«Ұлттық палата туризм бизнесіне қолайлы жағдай жасау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігімен және Қазақ туризм ұлттық компаниясымен бірлесіп, тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Мысал ретінде – Қазақстан және Ресей, Қазақстан және Қырғызстан арасындағы шекарада туристік автобустардың кезектен тыс өтуін айтуға болады. Шекара қызметі көмегімен 2022 жылы пилоттық жобаны іске асырдық, туристер үшін шекара бақылауынан өту уақыты 5 есеге қысқарды. Ал 20 мыңға жуық турист «тездетілген жолмен» өтті. Туроператорлар бұл пилоттық жобаның жоғары тиімділігін атап өтті», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов.

 Сондай-ақ, меморандум аясында тараптар инфрақұрылымға, аналитикаға, статистикаға және басқаларға назар аудара отырып, туризмді жоспарлау және дамыту стратегияларына қатысты ақпарат алмасуды қолдайды.

«Anex-Tour туроператорының Қазақстанға  туристердің келуіне қосқан үлесін ерекше атап өткім келеді. Өткен жылы «Anex-Tour» Екатеринбург-Ақтау чартерлік рейс арқылы елімізге 5 мыңға жуық турист әкелді. Биыл Мәскеу, Қазан, Екатеринбург қалаларынан 15 мыңға дейін туристтердің келуін жоспарлап отыр. Бүгінгі меморандум нәтижесінде Қазақстанда туристік ағынның саны артады деп сенемін», – деп түйіндеді Мақсат Қиқымов.

«Атамекеннің» кең көлемді жұмысын атап өткім келеді. Бөлшек сауда салығына қатысты Үкімет қаулысының жобасына жол бойындағы белдеулерде орналасқан және қызмет көрсететін қонақ үйлер мен мейрамханалар да енді. Мұндай өзгерістер бұл саладағы турибизнес өкілдері үшін үлкен жеңілдік, әрі мүмкіндік болады», - деді Мақсат Қиқымов.  

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив