Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
535.83 624.94 6.69

Абай облысында инклюзивті спорттық сайыстың үздіктері анықталды

Бүгін, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында 3–4, 5–6 және 7–8 сынып оқушылары арасында «Тең мүмкіндіктер» балалардың инклюзивті спорт фестивалінен облыстық кезең өтті.

Іс-шараның мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен олардың құрдастары арасындағы достық байланыстарды нығайту, өзара сыйластық пен толеранттылықты арттыру.

Фестивальға облыстың қала және аудан мектептерінен 72 оқушы қатысып, бочча, «көңілді старттар» және жеңіл атлетика бойынша үш жас санатында сайысқа түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Боччадан» 4 команда, «Көңілді старттар» бойынша 6 команда, ал жеңіл атлетикадан 4 команда иеленді. І орын жүлдегерлері қараша айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Үш санат бойынша ІІ орынды 18 команда алса, ІІІ орынмен 10 команда марапатталды.

Іс-шара жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Фестиваль «AMANAT» партиясының қолдауымен өтті, жеңімпаздарға партия атынан медальдар табысталып, арнайы сыйлықтар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив