Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.15 617.47 6.64

Сенатта жаңа Құрылыс кодексінің жобасы таныстырылды

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттарына Құрылыс кодексінің жобасы таныстырылды. Құжат сәулет, қала құрылысы және жалпы құрылыс саласындағы 25 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келе жатқан заңнаманы жүйелі жаңартуға бағытталған. Сондай-ақ цифрландыру, мемлекеттік бақылауды күшейту, жобалаудың заманауи стандарттарын енгізу және сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру бойынша кешенді шараларды көздейді.

Кодекс жобасында лицензиялардың бірыңғай цифрлық тізілімін құру және Еуропалық Одақ елдерінің үлгісі бойынша құрылыс саласының мамандарын сертификаттау туралы ереже бар. Заң талабын бұзу анықталған кезде құрылысты тоқтата тұру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жаңа бақылау тетіктері – «жоспарлы инспекциялау» және «жедел әрекет ету шарасы» енгізілуде. Мемлекеттік органдардың нысандарды қабылдауға қатысуын да міндетті ету ұсынылды.

Үдерістерді цифрландыруға ерекше назар аударылды. E-Qurylys ақпараттық жүйесінің негізінде нысанның өмір сатысының барлық кезеңдерін – жоспарлаудан бастап пайдалануға беруге дейін біріктіретін бірыңғай құрылыс порталын құру көзделіп отыр. Сондай-ақ, BIM-технологиясын міндетті түрде қолдану енгізілуде. Ол жобалау сапасын және құрылыс жұмыстарын орындаудың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Кодексте ел аумағының 45%-дан астамын қамтитын сейсмикалық қауіпті аймақтарда құрылыс салуға жеке тарау арналған. Ережелер сейсмикалық оқшаулау жүйесін пайдалану, сейсмикалық қауіпке бағалау жүргізу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нысандарды паспорттауды көздейді.

Сенаторлар Құрылыс кодексін қабылдау қала құрылысын заманауи халықаралық стандартына көшуді қамтамасыз ететінін, мемлекеттік бақылауды нығайтатынын, құрылыс жұмысының сапасы мен қауіпсіздігін арттыратынын, сондай-ақ ұзақ мерзімді келешекте саланың тұрақты дамуы үшін жағдай жасайтынын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив