Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.15 617.47 6.64

Мәжілісте Жер қойнауы туралы кодекске енгізілетін түзетулер туралы заң жобасы таныстырылды

Бүгін, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Мәжілістегі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Құжатты Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірлеген.

Отырысты ашқан Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин Мемлекет басшысының Жолдауындағы индустриялық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру, жер қойнауын игеруге инвестиция тарту үшін заңнама мен рәсімдерді барынша жеңілдету, геологиялық ақпараттың бірыңғай деректер банкін құруды аяқтау бойынша тапсырмалар бергенін атап өтті.

- Биыл 28 қаңтарда Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жер қойнауын пайдалануға құқықтарды қарапайым және ашық бөлуге ықпал ететін жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын заңнамалық қамтамасыз етуді аяқтауды тапсырды. Қаралып отырған заң жобасы Президенттің жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаларды жалғастыруға бағытталған тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленді, – деді депутат.

Заң жобасы туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шарханұлы баяндады.

- Біздің мақсатымыз – жер қойнауын пайдалануды мүмкіндігінше ашық ету. Енді лицензиялаудың барлық кезеңі онлайн режимде жүргізіледі. Бұл сыбайлас жемқорлық қатерін азайтады және бизнес пен қоғамның Үкіметке деген сенімін нығайтады. Заң жобасы Мемлекет басшысының нұсқауымен басталған реформалардың логикалық жалғасы, – деді вице-министр.

Иран Шарханның айтуынша, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі саланың негізгі реттеушісі ретінде Кодексте 2024 жылы іске қосылған Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының құқықтық мәртебесін бекітуде. Бүгінде ол 22 мемлекеттік қызметті біріктіреді және өтінім беруден бастап лицензия алуға дейінгі барлық бизнес-үдеріске цифрлық қолдау көрсетеді. Енді бұл цифрлық басқару механизмі заңмен бекітіледі.

Сонымен қатар түзетулер жер қойнауын пайдалануды және өнеркәсіп жобаларын іске асыруды бақылауды күшейтеді. Тәжірибелік-өнеркәсіптік деген желеумен жасырын өндіруге тыйым салынады, ал 1000 текше метрден асатын тау-кен массасын өндіруге және сынама алуға қатаң талаптар енгізіледі. Жаңа өнеркәсіптік жобалар үшін отандық өңдеу нарығын дамыту бойынша инвестициялық талаптар мен міндеттемелер күшейтіледі.

Отырыс барысында депутаттар құжатқа қатысты сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, депутаттар мүдделер қақтығысының алдын алу, мемлекеттік функцияларды ұлттық оператор ретінде акционерлік қоғамға берудің тиімділігі, мемлекет меншігіндегі геологиялық деректердің жоғалуына жол бермеу, ұлттық геологиялық қызметті жекешелендіру қаупін жою сынды мәселелерді көтерді.

Осы заң жобасы бойынша келіп түскен барлық ұсыныс жұмыс тобының отырыстарында мұқият қаралады. Жұмыс тобына Экология және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Арман Қалықов жетекшілік етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив