Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
524.94 602.79 6.45

Мемлекеттік кеңесші Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтылған Президент тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде жиын өткізді

30-10-2025, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтылған Президент тапсырмаларының орындалуы жөнінде жиын өткізді. Кеңесте Президент Әкімшілігі жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары баяндама жасады.

Жиын барысында Мемлекет басшысының бастамалары аясында ішкі саясат саласында тұжырымдамалық құжат пен Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар жобаларының әзірленгені, сондай-ақ «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасының дайындалып жатқаны атап өтілді.

Бұған қоса ерекше қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін қолдауды реттеу, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратқа қойылатын талаптарды күшейту (арнайы білімі жоқ коучтар мен психологтардың қызметі), ғылыми қалашықтарды құру және т.б. жөнінде заңнамалық нормалар әзірленіп жатыр.

Сондай-ақ Көкшетау қаласында көп функционалды спорт кешенінің және Атырау қаласындағы оңалту орталығының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Ерлан Қарин Президент бастамалары түрлі бағыттарды қамтитынын еске салды.

«Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда жариялаған реформалары әлеуметтік-мәдени жобалардан бастап, экономикалық және инфрақұрылымдық бастамаларға дейінгі сан алуан бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр», деді ол.

Бұл ретте тапсырмалардың барлығын Ұлттық құрылтай хатшылығы тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Кеңес соңында Мемлекет басшысының кейбір тапсырмалары бойынша Президент Әкімшілігі және Үкімет деңгейінде жекелеген нақты жиындар ұйымдастырылатыны айтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив