Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.07 615.2 6.58

Мәжіліс және Бундестаг депутаттары ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады

Бүгін, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Рау Германия Федеративтік Республикасы Бундестагының Құқықтық істер және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Карстен Мюллермен кездесті.

Кездесу барысында екі ел депутаттары парламентаралық қарым-қатынастың қазіргі жағдайы жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ ынтымақтастықтың болашағын талқылап, институционалды өзара іс-қимыл мен заң шығару қызметінде тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Палата вице-спикері Альберт Рау Мәжілістің Берлинмен достық өзара байланысты одан әрі нығайтуға деген ұмтылысына тоқталды.

– Мәжілістің жаңа Бундестагпен ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін атап өткім келеді. Осыған байланысты біз Қазақстан-Германия және Германия-Орталық Азия парламенттік топтары арасындағы жемісті іс-қимыл жалғасады деп күтеміз. Бұл елдеріміздің байланысы мен өзара түсіністігін нығайтуға ықпал етеді, – деді вице-спикер.

Тараптар сондай-ақ тұрақты құқықтық және саяси негізге құрылған экономикалық қатынастарды дамыту, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Германия тарабы Қазақстанның цифрлық технологияларды реттеудегі тәжірибесіне қызығушылық танытып, ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін озық тәжірибелермен алмасудың маңыздылығына назар аударды.

Кездесу қорытындысында тараптар парламентаралық диалогты нығайтуға және саяси, экономикалық және цифрлық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Жиынға Мәжіліс депутаттары Снежанна Имашева, Николай Арсютин, Марат Башимов, Нұрсұлтан Байтілесов, Наталья Дементьева, Серік Ерубаев, Дмитрий Колода және Динара Наумова қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив