Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.07 615.2 6.58

Скопьеде БҰҰ-ның Тұрақты энергетика жөніндегі халықаралық форумы (IFESD-14) өтуде

Кеше, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

28–30 қазан аралығында Солтүстік Македония астанасы Скопье қаласында БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (ЕЭК ООН) мен БҰҰ Даму бағдарламасының (ПРООН) қолдауымен Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі он төртінші халықаралық форум (IFESD-14) өтіп жатыр.

Форумның басты тақырыбы – «Мақсаттардан іс-қимылға: тұрақты даму үшін болашақ энергиясы». Алаңға үкіметтер, халықаралық ұйымдар, бизнес пен ғылым өкілдері жиналып, энергетикалық қауіпсіздік, цифрландыру және таза энергияға әділетті көшу мәселелерін талқылауда.

Назарда тұрған негізгі бағыттар – маңызды минералдық ресурстарды тиімді басқару, электромобильділікті дамыту, энергетикалық жүйелерді цифрландыру, метан шығарындыларын азайту, сондай-ақ «жасыл» және энергия тиімді жобаларды қолдау.

Форумда «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Фархат Абытов баяндама жасап, Қазақстанның геологиялық деректерді цифрландыру және минералдық-шикізат ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы тәжірибесін таныстырды.

Өз сөзінде Фархат Абытов цифрландырудың жер қойнауын пайдалануда сенімділік пен тиімділіктің негізіне айналып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан минералдық-шикізат базасын басқару үдерістеріне жаңа технологияларды кезең-кезеңімен енгізіп, мемлекет, ғылым және бизнесті біріктіретін бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастыруда.

Ол сондай-ақ Бірыңғай жер қойнауын пайдалану платформасы (minerals.e-qazyna.kz), EXia предиктивтік талдау жүйесі және Британ геологиялық қызметімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Қазақстанның Бірыңғай цифрлық геологиялық картасы сияқты негізгі бастамалар туралы жан-жақты айтып өтті.

Форум аясында Қазақстанның Солтүстік Македониядағы елшісімен кездесу өтті. Онда геология саласындағы ынтымақтастықты дамыту, табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану тәжірибесімен алмасу және БҰҰ-ның энергетика, климат және экология жөніндегі халықаралық бастамаларына қазақстандық тараптың қатысу мәселелері талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив