Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.47 613.75 6.56

Елордада XII Азаматтық форумның нәтижесі талқыланды

Бүгін, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада «SARAP» сараптамалық клубының «ХІІ Азаматтық форум нәтижелері: азаматтық белсенділік – ел дамуының қайнар көзі» тақырыбында отырысы өтті. Жиын барысында қатысушылар форумның негізгі нәтижелерін, ұсынылған форматтың тиімділігін, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған алдағы қадамдарды талқылады.

Кездесу барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова Форумның негізгі жетістіктерін атап өтті. Ол бұл іс-шара өзекті мәселелерді ашық талқылауға және азаматтық секторды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берген тиімді диалог алаңы болғанын айтты.

Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдармен тұрақты және жүйелі әріптестіктің маңызы, сондай-ақ форум аясында әзірленген ұсынымдарды іс жүзінде жүзеге асыру қажеттігі ерекше атап өтілді.

Отырыс барысында мемлекеттік қолдау аясында жүзеге асырылған үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларға жүргізілген зерттеу нәтижелері ұсынылды. Зерттеу бұл жобалардың әлеуметтік мәселелерді шешуде тиімді құралға айналғанын көрсетті. Сондай-ақ азаматтардың шешім қабылдау процестеріне белсенді қатысуы үшін ҮЕҰ-ның кәсіби әлеуетін арттыру және цифрлық шешімдерді енгізу бойынша ұсыныстар қаралды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив