Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.47 613.75 6.56

Абай облысында «ReBusiness Forum 2025» өтті: бизнес пен интеллект тоғысқан табыстың жаңа формуласы

1-11-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында «Respublica» партиясының облыстық филиалы және «Re.Women» әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «ReBusiness Forum 2025 – Бизнес пен интеллект: табыстың жаңа формуласы» атты ірі бизнес-форум жоғары деңгейде өтті.

Іс-шараның мазмұнды әрі нәтижелі өтуіне Respublica партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш пен «Re.Women» әйелдер қауымдастығының облыстық төрайымы Ляйля Ахметканова ерекше үлес қосты.

Форумға Respublica партиясының Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген 300-ден астам кәсіпкер қатысты. Шара аясында табысты бизнес жүргізудің жаңа тәсілдері, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мен инновациялық ойлаудың маңызы кеңінен талқыланды.

Форумда сөз сөйлеген Respublica партиясының тең төрағасы, «Учет KZ» компаниялар тобының негізін қалаушы Максим Барышев, Мәжіліс депутаттары Екатерина Смолякова мен Динара Наумова, сондай-ақ өңірлік және республикалық деңгейдегі кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Олардың қатарында «Q4 Tulpar» автосалондары желісінің негізін қалаушы Талғат Сақан, «Abai IT Valley» мектебінің жетекшісі Бауыржан Наурызбаев, «LANZHOU» брендінің иесі Гүлбану Майгарина, және «Даму» өңірлік даму қоры» АҚ Абай облысы бойынша директорының м.а. Екатерина Маслова бар.

Сондай-ақ форум жұмысына «Re.Women» қауымдастығының төрайымы Айдана Тоғызбаева және Respublica партиясы Орталық аппарат басшысының орынбасары Әлібек Ашметов арнайы қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, бизнес пен интеллектуалды даму арасындағы өзара байланысты талқылап, табысты кәсіпкерліктің жаңа формулаларын ұсынды. Форум Абай облысының кәсіпкерлері мен іскер әйелдері үшін тәжірибе алмасу мен серіктестік орнатудың тиімді алаңына айналды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив