Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.47 613.75 6.56

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға 1,4 млрд теңге бөлді

Бүгін, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Жұмыстар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынына қарсы құрылыстарды нығайту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүргізілуде.

Реконструкциялау жұмысының мақсаты – құрылыстың беріктігін нығайту және елді мекеннің толыққанды қорғалуын қамтамасыз ету. Бөгетті толық реконструкциялау жобасына автожолдарды қалпына келтіру, темірбетон плиталарын төсеу, дренаж жүйесі және абаттандыру кіреді. Барлық іс-шара аяқталғаннан кейін гидрологиялық нысанның жоғарғы деңгейі 2024 жылғы су тасқынының ең жоғары деңгейіне тең деңгейде белгіленеді.

Жобаны жүзеге асыру мыңға жуық халқы бар Тепличное ауылын су тасқынынан қорғауды қамтамасыз етеді.

Үкімет елді мекендерді су тасқынынан қорғау жұмыстарын жүргізуде. Су ресурстары және ирригация министрлігінің деректері бойынша алты өңірде – Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру және салу бойынша 57 жоба, оның ішінде 13 жаңа нысан құрылысы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 57 нысанның 40-ы аяқталды, 221 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып, нығайтылды, бұл жұмыстың 91%-ын құрайды.

Анықтама: Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгеті 1980 жылы пайдалануға берілген. Бастапқыда бөгеттің ұзындығы 380 метр, орташа ені 11 метр, орташа биіктігі 4 метр болған. 2024 жылғы су тасқыны кезінде СҚО Қызылжар ауданының аумағында жергілікті табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Есіл өзенінің тасуы салдарынан Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгеті апатты жағдайға тап болды. 2024 жылғы су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары кезінде бөгеттің ұзындығы ұлғайтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив