Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
528.31 608.35 6.55

ҚР АШМ-де агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңес бойынша Жұмыс тобының құрамы анықталды

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Ауыл шаруашылығы министрлігінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша Жұмыс тобының құрамына кандидаттарды іріктеу отырысы өтті.

Оған Министрлік өкілдері, коммерциялық емес ұйымдар мүшелері, Жұмыс тобының құрамына іріктеу конкурсына қатысуға өтінім берген азаматтар, сондай-ақ бақылаушы қатысты.

Кандидаттарды іріктеу қатысып отырған коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен конкурсқа қатысуға өтінім берген азаматтардың ашық дауыс беруі арқылы жүргізілді.

Іріктеудің ашық әрі айқын форматта өтуі барлық үміткерлерге тең мүмкіндік берді.
Отырыс қорытындысы бойынша 4 адам коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан, сондай-ақ 1 адам ҚР АШМ-нен Жұмыс тобының құрамына кірді.

Жұмыс тобының құрамын бекіту туралы тиісті бұйрық Министрліктің ресми интернет-ресурсында жарияланатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив