Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
528.31 608.35 6.55

Мәжіліс туризм саласын қолдау мәселелері туралы заң жобасын қарайды

Кеше, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Бірінші оқылымда палатаға Мәжіліс депутаттары бастамашы болған туристік саланы қолдау мәселелері бойынша түзетулерді қарау ұсынылады. Заң жобасы туризм саласына мемлекеттік қолдау көрсетуге және ішкі туризмді дамыту процестерін реттеуді одан әрі жетілдіруге бағытталған. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заңға енгізілген түзетулермен туристік өнімге қойылатын талаптарды айқындау, келу туризмі саласындағы туристік операторлардың шығындарын субсидиялау мөлшерін белгілеу, сондай-ақ туристер мен визит-орталықтарды орналастыру объектілерін салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлердің шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі бөлігінде уәкілетті органның құзыреті нақтыланады.

Сондай-ақ бірінші оқылымда депутаттар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң жобасын  талқылайды. Үкімет негізгі заң жобасын және қаржы нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді Президент Жолдауларын жүзеге асыру мақсатымен әзірледі. Ол банк жүйесінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және ұлттық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске көмірсутектер мен уран саласындағы жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша депутаттық түзетулер енгізілді. Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар жер қойнауы учаскесінің төменгі кеңістік шекарасын тұйық контурларды өзгертпестен бес мың метрге дейін тереңдету мүмкіндігін көздейтін нормаларды ұсынды. Сонымен қатар түзетулер арқылы тұтқырлығы жоғары, битуминозды және тақтатас мұнайы бар технологиялық тұрғыда күрделі кен орындарын игеру үшін арнайы құқықтық режим орнату ұсынылады. Көмірсутек қорларын есептеу жөніндегі функцияны беру мерзімін 2030 жылға дейін ұзарту және қолданыстағы өндіруші газ кен орындарына күрделі жоба бойынша жетілдірілген модельдік келісімшартқа көшуге мүмкіндік беру көзделген. Түзетулерге мұнай өндіруді ұлғайтудың арнайы әдістерін қолданатын жер қойнауын пайдаланушыларды қолдау шаралары да кіреді.

Мәжіліс жұмысына Мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы екі елдің әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу туралы келісімді ратификациялау, Қазақстан мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін Әлеуетті дамыту өңірлік орталығына ратификациялау туралы заң жобаларын қабылдау ұсынылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив