Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
447.94 502.32 5.52

Абай облысында цифрлық дәуірдегі Қазақстанның мақсаттары талқыланды

4-11-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында ол Семей қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттерімен және өңірдің белсенді жастары өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мазмұнын кеңінен түсіндірді. 

Президент кеңесшісі Жолдауда көтерілген жаңа технологиялар, жасанды интеллектті дамыту, адами капиталды арттыру және жастардың цифрлық мәдениетін қалыптастыру бағыттарының маңыздылығына тоқталды.

Ол жастардың елдің инновациялық дамуына белсенді араласуы, жаңа экономиканың талаптарына бейімделуі және білім мен ғылым салаларындағы бастамаларды қолдаудың маңызын ерекше атап өтті.

Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, Президент кеңесшісімен пікір алмасты. Жастар қауымы Президент Жолдауындағы бастамаларды іске асыруға өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив