Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

ҚР Туризм және спорт министрлігі Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді

4-11-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған кандидатура қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары Бақыт Бекбосыновтың кандидатурасына келісім берді.

Үміткердің спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңір спорттын дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды.

Кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін жүзеге асырылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив