Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
522.49 601.07 6.47

Сенаторлар ТМД елдерінде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы заңды қарады

Кеше, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында «ТМД қатысушы мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қаралды.

Сенатор Әлібек Нәутиевтің айтуынша, Келісім радиоактивті материалдарды тасымалдаудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті арттыруға, сондай-ақ физикалық қорғау қағидаттарын ескере отырып, халықаралық тасымалдау кезіндегі рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған.

Құжат ТМД елдерінің уәкілетті органдарының іс-қимылдарын үйлестіруді, транзит кезіндегі негізсіз кешігулерді болдырмауды, тасымалдауды бақылауды және рұқсат беру құжаттарын өзара тануды көздейді. Заңның қабылдануы республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді және жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеп соқпайды.

Отырыс қорытындысы бойынша Комитет мүшелері заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив