Абай облысында жылу желісін қайта жаңғыртуға арналған 14 жоба әзірленді
Бүгінде Абай облысында орталықтандырылған жылумен қамту жүйесіне 3 қала мен 5 ауданның елді мекендері қосылған. Бұл аумақтарда 46 жылу көзі мен 183 қазандық агрегаты жұмыс істейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов кеңінен тарқатты.
Сонымен қатар, Аягөз қаласында қуаттылығы жоғары үш жаңа қазандық орнатылып, жылу энергиясының профициті 17,7 Гкал/сағ деңгейіне жетті. Сондай-ақ 2,2 км жаңа жылу желісі тартылып, 3,9 км ескі желі ауыстырылды. Жоба 2026 жылға қарай 1000-нан астам тұрғынды орталық жылумен қамтуға мүмкіндік береді.
Серік Төлепбергеновтың айтуынша, экологиялық қауіпсіздікті арттыру мақсатында «Теплокоммунэнерго» МКК қазандықтардың күл шығару жүйелеріне автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу жобасын әзірледі. Ол ЖЭО-1, РК-1, Ғаббасов және Орталық қазандықтарында орнатылады.