Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Сенатта жаңа Цифрлық кодекс жобасы таныстырылды

5-11-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттарына Цифрлық кодекс жобасы таныстырылды. Құжат цифрлық саланы құқықтық реттеудің бірыңғай әрі ашық жүйесін құруға бағытталған.

Кодекс жобасы әртүрлі салалық заңдарды бірыңғай құрылымға біріктіреді, осылайша нормалардың қайталануын жояды және реттеуді жеңілдетеді. Кодекс цифрлық технологиялардың бүгінде өмірдің барлық саласына - мемлекеттік басқарудан бастап бизнеске дейін еніп отырғанын ескереді және цифрлық орта үшін бірыңғай ережелер белгілейді. Сондай-ақ ол цифрлық мемлекетті дамытуға құқықтық негіз қалыптастырады.

Жобада ұлттық цифрлық егемендікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Кодекс деректерді және цифрлық объектілерді басқарудың құқықтық негіздерін, сондай-ақ Қазақстанның цифрлық кеңістігін қорғау және елдің технологиялық тәуелсіздігін нығайту жөніндегі шараларды бекітеді.

Сонымен қатар, цифрлық құқықтар мен объектілердің негізгі түрлері айқындалған, сондай-ақ цифрлық құжаттардың бірыңғай құқықтық режимі енгізіледі. Бұл режим оларға заңды күш беріп, машина оқуына жарамдылығын және ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, Кодекс мемлекеттік органдар мен ұйымдардың технологияларды қолдануға дайындығын көрсететін цифрлық жетілу ұғымын енгізеді. Ұлттық цифрлық объектілердің құқықтық режимі белгіленеді, ол шетелдік компаниялардың аса маңызды жүйелерді басқаруға қатысуын шектеуді және олардың қауіпсіздігіне міндетті аудит жүргізуді көздейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив