Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қарулы күштердің спортшысы дзюдодан Еуропа кубогын жеңіп алды

18-04-2023, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің қоржыны алтын медальмен толықты.

Хорватияның Дубровник қаласында ересектер арасында дзюдодан өткен жарыста 66 келі салмақта Орталық спорт клубының нұсқаушы-спортшысы аға лейтенант Ғұмар Қырғызбаев Еуропа кубогын иеленді. Ақтық сынға шығар алдында армия спортшысы Австрия, Израиль, Италия және Бельгиядан келген қарсыластарын жеңген болатын.

Соңғы кездесуде Ғұмар грузиялық Гурам Газиташвилиді айқын басымдықпен ұтты. Ерлер арасындағы Еуропа кубогы 15-16 сәуір аралығында өтті. Жарысқа Еуропа мен әлемнің 28 елінен 308 кіл мықты татами шебері қатысты.

Еуропа кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама ала алатынын айта кету керек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив