Көкпекті ауданында Тассай ауылына баратын көпір қайта жаңартылып жатыр
Көкпекті ауданында Тассай ауылына кіреберіс жолындағы Жүзағаш өзенінен өтетін автокөлік көпірін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылдың көктемінде қардың күрт еруі мен су деңгейінің көтерілуі салдарынан 2011 жылы салынған көпір қирап қалған еді. Ескі көпірдің ұзындығы 44,56 метр болған.Жаңа көпірдің ұзындығы 73,04 метрді құрайды. Ол үш аралықтан (әрқайсысы 24 метрден) тұрады. Жол бөлігінің ені 6 метр болып, екі жағынан жаяу жүргіншілер жолы қарастырылған.
Жоба толық жүзеге асқанда Тассай ауылымен көлік қатынасы жыл бойы қауіпсіз әрі үздіксіз қамтамасыз етіледі. Бұл ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, өңірдің көлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек



