Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.79 606.34 6.51

"Qyzmet-Police.kz": ІІМ қызметіне қабылдау жаңа деңгейге шықты

Бүгін, 12:17 018.kz

ҚР ІІМ ішкі істер органдарына қызметке қабылдау процесін түбегейлі өзгертетін жаңа "Qyzmet-Police.kz" платформасын іске қосты.

Енді еліміздің кез келген азаматы полиция қызметіне кезексіз, артық құжатсыз, онлайн форматта өтінім бере алады Платформа Қазақстанның барлық өңіріндегі вакансияны біріктіреді.

Үміткер өзіне қолайлы қала мен бөлімшені, қызмет түрін таңдап, бірден өтінім жібере алады. Құжаттар сайтқа бір рет қана жүктеледі. Кадр бөліміне барудың немесе анықтамаларды қағаз түрінде тапсырудың қажеті жоқ. Іріктеу тек жүйе арқылы жүргізіледі. Әрбір қадам цифрлық із арқылы тіркеледі — бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және адами факторды болдырмайды.

Платформа таңдалған лауазым бойынша жалақы мөлшері мен тұрғын үй төлемдерін автоматты түрде көрсетеді. Өтінімнен бастап сұқбатқа шақыруға дейінгі барлық кезеңді онлайн режимде бақылауға болады. "Qyzmet-Police.kz" платформасы — бұл жай ғана ыңғайлы сервис емес, ІІМ-нің кадр саясатын ашықтыққа, сенім мен әділдікке бағыттаған цифрлық трансформациясының маңызды бөлігі.

Жоба әрбір азаматқа тұрғылықты жеріне немесе жеке байланыстарына қарамастан, ішкі істер органдарында қызмет етуге тең мүмкіндік береді. Бұл - сіздің мүмкіндігіңіз! Байқап көріңіз! www.qyzmet-police.kz

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив