Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.79 606.34 6.51

Экономика және оның қоғам өміріндегі орны

Бүгін, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері Шәкәрім университетінің Экономика жоғары мектебінің 1-2 курс студенттерінің қатысуымен Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған «Экономика және оның қоғам өміріндегі орны» атты маманмен кездесу өткізді.

Шараға Alikhan Bokeikhan University-нің ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің магистранты Ерсін Абайханұлы Серікжанов қатысты.

Кітапхана қызметкері қатысушыларға еліміздің экономикалық даму бағыттары, қоғам өміріндегі экономиканың орны, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар жайлы мағлұмат берді.

Әрі қарай шара қонағы Ерсін Абайханұлы еңбек нарығындағы жаңа үрдістер мен бағыттарды, қаржылық сауаттылық және кәсіби даму жолдары туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу жалғасында студенттер тарапынан маманға сұрақтар қойылып, еңбек, кәсіп және жеке дамуға қатысты пікір алмасты.

Іс-шара соңында «Экономика – ел дамуының негізі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана қорындағы әдебиеттерге шолу жасалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив