Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.02 607.55 6.5

Қытайдан келген жүк көлігі «Нұрлы жол» кеден бекеті арқылы транзитпен Ресейге жөнелтілді

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Қазақстанның «Нұрлы жол» кеден бекеті арқылы Қытайдан келген жүк көлігі TIR рәсімдеуін аяқтап, транзиттік бағытпен Ресей шекарасына жол тартты.

Бұл оқиға Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік-логистикалық дәліздердің тиімді әрі тұрақты жұмыс істеп жатқанын дәлелдейді.

Қазіргі таңда еліміз арқылы әлемдегі сегіз ірі көлік-логистикалық бағыттың жүктері тасымалдануда. Орталық Азиядағы маңызды экономикалық орталықтардың бірі ретінде Қазақстанда электрондық коммерция нарығы да алдағы жылдары қарқынды дамуы күтілуде.

Сонымен қатар Құрық порты арқылы Қытайдың HPF компаниясы Азия мен Орталық Азия елдерінің жүктерін Еуропаға жеткізуді жүзеге асыруда.

Бұл Қазақстанның өңірлік және жаһандық деңгейдегі логистикалық хаб ретіндегі стратегиялық маңызын айқындай түседі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив