Абай облысында спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Бахыт Әсенғазыұлы Бекбосынов Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Бахыт Әсенғазыұлы 1988 жылы 25 мамырда Семей қаласында дүниеге келген. 2010 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы, 2013 жылы Қайнар университетін «Педагогика және психология» мамандығы (магистратура) бойынша тәмәмдады.
Еңбек жолын 2010 жылы Құқық және бизнес колледжінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2013-2022 жылдары Семей медицина университетінің дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы.
2022-2023 жылдары Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, 2023-2024 жылдары Абай облысының олимпиадалық спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының директоры.
Тағайындауға дейін Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары болды.