Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Нұрлан Бекенов террористік мақсаттағы ЖИ қолданысына қарсы халықаралық парламенттік тренингке қатысты

Кеше, 17:04 018.kz

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекенов «Терроризм және күш қолданатын экстремизм мақсатында жасанды интеллектіні және жаңа технологияларды қолданудың алдын алу, оған қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық және саяси шаралар» атты халықаралық парламенттік тренинг-курсқа қатысты.

Тренинг БҰҰ-ның Терроризмге қарсы күрес басқармасы және Жерорта теңізі елдерінің Парламенттік Ассамблеясы тарапынан Иордания Парламентінің қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – халықаралық адам құқықтары және гуманитарлық құқық стандарттарын сақтай отырып, террористік құрылымдардың жасанды интеллектіні және жаңа технологияларды ықтимал теріс пайдалануына тиімді ден қою мәселелері бойынша парламентшілер мен Аппарат қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру болды.

Курс аясында Нұрлан Бекенов Иордания, Португалия, Катар және Румыния парламентшілерімен, сондай-ақ БҰҰ-ның Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы парламентаралық өзара іс-қимыл жөніндегі Бағдарламалық кеңсесі басшысының орынбасары Мурад Тангиевпен кездесті. Келіссөздер барысында жасанды интеллектіні қолдануды реттейтін заңнамада адам құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы парламенттік ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, сенатор шетелдік әріптестеріне Қазақстандағы ЖИ дамыту шаралары туралы, оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданған Жасанды интеллект туралы жаңа Заңмен, сондай-ақ жақында құрылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мақсаттары мен міндеттерімен толық таныстырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив