Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы бір ғасырлық тарихы бар ғимаратта орналасқан

19-04-2023, 10:57 Думан Кенжеғазыұлы

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалына Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цян Вэй, Консул Чжан Вэй, Консул-Атташе Цзинь Си келді. 

ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас консулы Цян Вэй ханым бастаған делегацияның Абай облысына іскерлік сапармен келудегі басты мақсаты – Қазақстан мен ҚХР мемлекеттерінің басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру, сондай-ақ ҚКП ОК Саяси Бюросының мүшесі, ҚХР СУАР парткомының хатшысы Ма Синжуйдың Қазақстанға жақында жасаған сапары шеңберінде қойылған бірқатар міндеттерді орындау. Абай облысының әкімі Н. Ұранхаевпен кездескеннен кейін делегация мүшелері 1920-1940 жылдар аралығында Қытай консулдығы орналасқан тарихи ғимарат болған «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалына келді. 

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысының м.а., партиялық бақылау комиссиясының инспекторы М. Құржықаева қонақтарды қарсы алып, «AMANAT» партиясының негізгі бағыттарымен таныстырып өтті. 

Ғимарат тарихы жайлы айтатын болсақ, кезінде бұл ғимаратта көпес Федор Медведевтің үйі, Қытай елшілігі, әр түрлі деңгейдегі әкімшілік ұйымдар орналасқан. Қазір мұнда облыстық филиал жұмыс істеуде. 

ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас консулы Цзян Вэй ханым филиал қызметкерлеріне делегация құрамын жылы қарсы алғандарына алғыс білдірді. 

«Бас консул ретінде Қазақстан бойынша бірінші іс-сапарым тарихи мекен саналатын Семей қаласына түскеніне қуаныштымын. Филиал ғимараты болып табылатын бір ғасырлық тарихы бар сәулет ескерткішін сол қалпында сақтап қалғандарыңызға ерекше құрметімді білдіргім келеді. Екі ел арасында саяси әрі экономикалық байланыстар одан әрі күшейе түседі деген ойдамын», - деді Цзян Вэй.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив