Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Қазақстандық делегация АӨСШК-ға қатысушы елдер Жастар кеңесінің VIII отырысына қатысты

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Бакуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің «АӨСШК аймағының жарқын болашағына арналған жастар бастамалары» тақырыбында VIII Жастар отырысы өтіп жатыр.

Отырысқа АӨСК-ға мүше 25-тен астам елдің өкілдері қатысты. Олардың қатарында жас көшбасшылар, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және азаматтық қоғамның мүшелері бар. Қазақстандық делегация құрамына еліміздің жастар және волонтерлік ұйымдардың өкілдері енді.

Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде АӨШК Бас хатшысы, Елші Қайрат Сарыбай сөз сөйледі.

Бағдарлама аясында жастарды Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) орындауға тарту және волонтерлік пен инновацияларды қолдауға бағытталған іс-шаралар өтеді. Онда ТДМ бойынша жастар жобалары таныстырылып, экология, теңдік және экономикалық өсім салаларындағы тәжірибе алмасу ұйымдастырылады. Сондай-ақ волонтерлік қозғалыс көшбасшыларының бастамаларды дамытуға бағытталған кездесуі өтеді.

Халықаралық жиын барысында климат, технология және тұрақты даму бағыттары бойынша инновациялық шешімдер әзірлеуге арналған жас мамандар арасындағы топтық байқау да жоспарланған.

Қазақстан АӨШК-ға қатысушы мемлекеттің бірі және ұйым аясында жастар ынтымақтастығын нығайтуға қолдау білдіреді.

Жастар кеңесінің отырысына қатысу өңірлік байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауға ықпал етеді.

Іс-шара 15 қарашада аяқталады. Отырыс қорытындысы бойынша жастар саясаты мен тұрақты даму саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Жастар кеңесінің ұсынымдары қабылданады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив