Булат Танабергенов ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Булат Амангелдіұлы Танабергенов Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлады.
1976 жылы дүниеге келген. Ақтөбе облыстық тұтынушылар одағының Есеп-сауда колледжін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Қазақ-орыс халықаралық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1999–2000 жылдары — Ақтөбе қаласындағы «Ақбұлақ» АҚ операторы.
2001–2002 жылдары — Ақтөбе қаласындағы «Стройдеталь» ЖШС-да такелажшы.
2002–2009 жылдары Ақтөбе қаласы әкімдігінің құрылымында жетекші маманнан бастап қалалық білім, ішкі саясат, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінде ММ бастығының орынбасарына дейін жұмыс істеді.
2009–2010 жылдары — ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті директорының орынбасары.
2010–2012 жылдары — Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының орынбасары, басшысы.
2012–2016 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы.
2016–2023 жылдары — Астана қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы.
2023 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.