Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Сенатта жер қойнауын пайдалануды жетілдіру жөніндегі заң таныстырылды

Бүгін, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің отырысында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң таныстырылды.

Құжат геологиялық барлауға жеке инвестиция салуды ынталандыру және жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті реттеу тетігін жетілдіру мақсатында әзірленді. Ұсынылған заң зерттелмеген аумақтарға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тетігін енгізуге, кейіннен барлау мен өндіруге басымдықпен көшуге бағытталған. Аукцион өткізудің жеделдетілген тәртібі мен «аз зерттелген аумақтар» ұғымын енгізу және геологиялық зерделеу кезінде олардың ерекшелігін айқындау көзделіп отыр.

Ұлттық компаниялардың тікелей келіссөздер жүргізуде жер қойнауы учаскелерін резервтеу мерзімін шектеу – түзетулердегі негізгі бағыттың бірі болып табылады. Егер үш жыл ішінде ұлттық компания жер қойнауын пайдалану құқығын алуға басым құқықты пайдаланбаған жағдайда, учаске электрондық аукционға шығарылатын болады. Одан басқа, құжатта уран саласындағы ұлттық компанияға келешегі бар аумақтарда уранға барлау жасауға басым құқық беру көзделген. Бұл ереже Қазақстанның әлемдік уран өндірудегі ұстанымын нығайтуға және отандық ядролық-отын кластерін дамытуға бағытталған.

Сенаторлар заңды іске асыру жер қойнауын пайдаланудың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, аз зерттелген аумақтарды игеруге тартуға жағдай жасауға, жаңа кен орындары мен жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив