Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 5,4%-ға өсті

Бүгін, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылдың қаңтар–қазан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 8,1 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға артты.

Өсімнің көрсеткіші өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 6,7%-ға, ал мал шаруашылығындағы өндірістің 3,4%-ға ұлғаюының нәтижесі.

Мал шаруашылығында 9 айдың ішінде сойыс салмағындағы ет өндірісі 2,6%-ға өсіп, 816,3 мың тоннаға, ал сиыр сүтінің өндірісі 5,7%-ға артып, 3 млн тоннаға жетті.

Ірі қара мал басы 1,1%-ға (8,5 млн бас), жылқы 6,4%-ға (4,5 млн бас), түйе 4,5%-ға (299,7 мың бас), ал құс 6,5%-ға (49 млн бас) көбейді.

Тамақ өнеркәсібінде 10 айдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісі 9,1%-ға артып, 3,2 трлн теңгеге, ал сусындар өндірісі 8,7%-ға өсіп, 1,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Бірқатар негізгі өнім түрлері бойынша да нәтиже айтарлықтай жоғары. Мәселен, қант – 13%-ға, ет консервілері – 38,6%-ға, өсімдік майы – 21,7%-ға, шұжық өнімдері – 7,8%-ға, сары май – 19,0%-ға,қышқыл сүт өнімдері – 6,6%-ға артты.

Ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібіндегі оң динамика саланы дамыту, өндірісті жаңғырту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шаралардың тиімділігін дәлелдейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив