Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
524.32 609.05 6.52

Сенатор Айгүл Қапбарова Жошы ұлысының мұрасына арналған халықаралық конференцияға қатысты

Кеше, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова «Жошы Ұлысы дәуірінің мұралары контексіндегі «Бозоқ»: музейлік кеңістіктегі репрезентация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференция барысында «Ежелгі Бозоқ қалашығының археологиялық қазбалары негізінде ашық аспан астындағы Ұлттық саябақ құру» жобасын іске асырудың жаңартылған тұжырымдамасы мен жаңа тәсілдері ұсынылды.

Айгүл Қапбарова өз сөзінде «Бозоқ» жобасы тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру және ұлттық ерекшелікті қалыптастыруда маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, Жошы ұлысының мұрасын зерделеу және дәріптеу дала өркениеттерінің пайда болуы мен дамуының орталығы ретіндегі Қазақстанның тарихи рөлін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Жошы ұлысының дәуірі түркі халықтарының мемлекеттілігі мен этномәдени дәстүрінің қалыптасуына айтарлықтай ықпал еткен Еуразия даласы тарихындағы негізгі кезең болып табылады. Археологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша Бозоқ қалашығының аумағынан оның ортағасырлық Қазақстанның қалалық мәдениет орталықтарының бірі ретіндегі маңызын растайтын құнды жәдігерлер табылды.

Конференцияға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Египет, Ұлыбритания, Ирландия және Тунис ғалымдары мен сарапшылары қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив