Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
524.32 609.05 6.52

Сенаторлар Астана технологиялық колледжін халықаралық тіркеуге арналған шараға қатысты

Кеше, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Амангелді Есбай Астана технологиялық колледжін халықаралық «City and Guilds» тіркеуге алуға арналған салтанатты шараға қатысты.

Нұртөре Жүсіп шараға қатысушылар алдында сөз алып, халықаралық тіркеуге ие болу әлем қоғамдастығының қазақстандық білімге деген сенімінің көрінісі екенін атап өтті. «City and Guilds» жүз жылдан астам уақыт бойы кәсіби оқытудың әлемдік стандарттарын қалыптастырып келеді. Елорда колледжінің мойындалуы жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары деңгейдегі сенімді отандық мамандар даярланатынын нақтылайды.

«City and Guilds» – бұл түлектерге жаңа мүмкіндіктер ашатын сенім мен сапа белгісі. Енді колледж дипломы тек ұлттық емес, сонымен қатар халықаралық деңгейде де танылады, бұл әсіресе жаһандық экономика мен ұтқыр еңбек ресурстары өсіп келе жатқан жағдайда аса маңызды. Бұл жетістік колледж ұжымының, студенттердің, сондай-ақ серіктестердің, жұмыс берушілер мен мемлекеттік құрылымдардың үйлесімді жұмысының нәтижесі болды», - деді Нұртөре Жүсіп.

Депутат сондай-ақ тіркеуден өту Мемлекет басшысы жариялаған жұмысшы мамандықтары жылымен сәйкес келгенін атап өтті. Нұртөре Жүсіптің айтуынша, бұл елімізде кәсіптік білім беруді дамытуға берілген басымдықты көрсетеді.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің болашағы экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білікті мамандарға байланысты екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Бүгінде жұмысшы мамандығы болашақтың мамандығына айналуда. Индустрияландыру, цифрландыру және «жасыл» экономикаға көшу жағдайында елімізге оны тек біліп қана қоймай, жасайтын адамдар қажет. Нақты сектор үшін білікті кадрларды даярлау – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі және Қазақстанның стратегиялық даму басымдығы», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив