Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.48 534.68 5.43

Қазақстан мен Ресей президенттері гала-концертті тамашалады

13-11-2025, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Путин Қазақстан өнерпаздарының гала-концертіне барды.

Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері аясында ұйымдастырылған мерекелік кеш Үлкен театрда өтті.

Сахнада қазақтың музыкалық және хореографиялық өнерін насихаттап жүрген танымал әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Бұл концерт Қазақстанның бай мәдени мұрасын танытып, екі елдің рухани диалогын нығайтуға ықпал етті.

Іс-шарадан соң мемлекеттер басшылары концертте өнер көрсеткен Роза Рымбаева, Мария Мудряк, Ренат Ғайсин, Әлішер Кәрімов, Александр Беляков және Зарина Алтынбаева секілді сахна шеберлерімен әңгімелесіп, алғыс айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив