Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
524.32 609.05 6.52

Абай облысының делегациясы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысты

Бүгін, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтті.

Ауқымды шараға облыс әкімі Берік Уәли бастаған өңір делегациясы қатысты. Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Думан Рысбеков, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының басшылары, фермерлер қауымдастығы өкілдері, сондай-ақ, өңірдің 50-ге жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бар.

Форум аясында Президент аграрлық саланың дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградаларды тапсырды. Жерлесіміз Людмила Балашова III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Ол 2014 жылдан бері Семей қаласындағы «халал» стандартына сәйкес шұжық және ет деликатестерін өндіретін «Арай East food» ЖШС-інде бас технолог болып еңбек етіп келеді.

Форум барысында аграрлық саланы дамыту, жаңа технологияларды енгізу, фермерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мәселелері талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив