Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
524.32 609.05 6.52

Шұжық өндірудің хас шебері құрметке бөленді

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында ұзақ жылдар бойы шұжық өндірісіне еңбегін сіңірген еңбек адамы лайықты марапатқа ие болды.

«Арай East Food» ЖШС-нің бас технологы Людмила Балашова еліміздің азық-түлік өнеркәсібін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. 

Мәртебелі награданы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде табыстады. Президент өз сөзінде отандық өндірісті дамытатын, өңір экономикасының өсіміне үлес қосатын кәсіби мамандар еңбегінің ерекше бағаланатынын атап өтті.

Людмила Балашова – салада ұзақ жылдар бойы үздіксіз еңбек етіп келе жатқан білікті технолог. Оның жетекшілігімен кәсіпорында өнім сапасы тұрақты түрде жақсарып, заманауи өндіріс стандарттары енгізілді. Көп жылғы еңбегі мен табандылығы жас мамандарға үлгі болып келеді.

Бұл марапат – Абай облысындағы тамақ өнеркәсібінде еңбек етіп жүрген барлық жұмысшыларға көрсетілген құрметтің бір көрінісі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив