Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
524.32 609.05 6.52

Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Абдреева «Xiaomi Technologies Kazakhstan» компаниясының өкілдерімен кездесті

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Әділет министрлігінде өткен кездесуде Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Абдреева "Xiaomi Technologies Kazakhstan» компаниясының өкілдерімен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелерін және ішкі нарықта контрафактілік өнім айналымына қарсы іс-қимылдың практикалық шараларын талқылады.

Комитет төрағасы жетекші әлемдік технологиялық компаниялармен, соның ішінде «Xiaomi» компаниясымен ынтымақтастық орнату Қазақстан үшін маңызды мәнге ие. Мұндай өзара іс-қимыл тәжірибе алмасуға, озық тәжірибелерді енгізуге және елдің инновациялық экожүйесін дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Қазақстан Республикасы ұлттық зияткерлік меншік жүйесін жетілдіруді дәйекті түрде жалғастырып келе жатқанына тоқталды.

«Xiaomi Technologies Kazakhstan» компаниясының өкілдері мемлекеттік органдармен ашық диалог орнатуға дайын екендіктерін білдіріп, түпнұсқа өнімді сенімді құқықтық қорғауды қамтамасыз ету және зияткерлік меншікке құрмет мәдениетін қалыптастыру жөніндегі ынтымақтастыққа мүдделіліктерін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға және ұлттық зияткерлік құқықтарды қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру мен Қазақстандағы адал бизнестің құқықтық қорғалуын нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды дамытуға ниет білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив