Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
524.32 609.05 6.52

Энергетика министрлігі мен Халықаралық валюта қоры ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жәркешов Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Қазақстандағы миссиясының басшысы Әли Әл-Эйдпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, сондай-ақ энергетика саласындағы қазіргі үрдістер мен даму перспективаларын қарастырды.

ХВҚ-пен өзара іс-қимыл макроэкономикалық тұрақтылықты нығайтуға және экономиканың стратегиялық маңызды салаларын дамытуға ықпал етеді.

Санжар Жәркешовтің айтуынша, ХВҚ миссиясының сараптамалық және талдамалық қолдауы қазіргі сын-қатерлерді объективті бағалауға және халықаралық стандарттар мен үздік әлемдік тәжірибелерге сай тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Кездесу нәтижесінде тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша сындарлы ынтымақтастық пен пікір алмасуды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив