Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
522.19 606.42 6.47

Сенаторлар театр өнерін дамыту және театрлардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды талқылады

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары театр өнерін дамыту, көркемдік деңгейін арттыру және өңірдегі театрлардың кадрлық әлеуетін нығайту мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткізді. Сенаторлар елорданың басты театрлары – «Астана Опера», Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театры, «Астана Балет» театры, сондай-ақ қалалық «Жастар», «Наз» және Жас көрермендер музыкалық театрларында болды.

Парламентшілер шығармашылық ұжымдардың қызметімен, сахна қызметкерлерінің еңбек жағдайымен танысып, театрлардың материалдық-техникалық базасын жаңғырту мәселелерін талқылады. Соңғы жылдары театр өнері тұрақты дамып келе жатқаны: көрермендер санының өскені, репертуардың байи түскені, халықаралық шығармашылық байланыстардың нығайғаны атап өтілді.

Бұл ретте жүйелі шешімді қажет ететін мәселелер де бар. Алдағы уақытта техникалық жабдықтарды жаңарту, шығармашылық кадрлардың жалақысын арттыру, музыкалық аспаппен қамтамасыз ету және меценаттық қолдау тетіктерін жетілдіру міндеті тұр.

Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп театрлардың дамуы қоғамдық сананы қалыптастыру және ұлттық ерекшелікпен тікелей байланысты екенін атап өтті. Ол рухани құндылықтарды сақтауда, жастарды тәрбиелеуде және еліміздің мәдени келбетін қалыптастыруда театр өнерінің басты рөл атқаратынын жеткізді.

«Театр талғамды тәрбиелейді, сезінуге және жанашырлыққа шақырады, маңызды мәселе туралы ойлануға көмектеседі. Өнер арқылы мәдениетке, тарихқа және халықтың рухани құндылықтарына деген құрмет қалыптасады. Сондықтан мемлекет үшін шығармашылық адамдарды қолдау, олар еркін жұмыс істей алатын және қоғамға шабыт бере алатын жағдай жасау аса маңызды», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив