Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
522.19 606.42 6.47

Абай облысында 500 орындық оқушылар сарайы ашылады

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Облыста «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 2700 орынға арналған 4 мектеп іске қосылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков баяндады.

- Абай облысында аймақ басшысының бастамасымен мектепке дейінгі және орта білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Өңірде 177 балабақша   және 191 шағын орталық жұмыс істейді. Қазіргі таңда 3,9 мыңнан астам бала кезекте тұр, оның ішінде 2–6 жас аралығында – 758 бала. Орын тапшылығын азайту мақсатында биыл 5 жекеменшік балабақша ашылып, Мақаншыда салынатын 140 орындық балабақшаның құжаттары әзірленіп жатыр,- деді спикер.

Басқарма басшысының айтуынша, Абай облысында 311 мектеп жұмыс істеп тұр. Жалпы өңірде 2025–2026 оқу жылында 100,6 мың оқушы білім алуда. «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 2700 орындық 4 жаңа мектеп пайдалануға берілді. 

- Сондай-ақ, Семей қаласының Оң жақ Шығыс кентінде 300 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Суықбұлақта 100 орындық білім ошағының құрылысы басталып, Екпін және Семей қалаларында 300 орындық мектептердің жобалары әзірленіп жатыр. «Қазақстан халқына» қоры арқылы 36 мектепке 58 жаңа кабинет орнатылып, 4 мектепке (Жаңасемей, Мақаншы, Курчатов, Үржар) әрқайсысына 250 млн теңгеге оқу кабинеттері мен жиһаздар сатып алынды. Айта кетейік, Семей қаласындағы 500 орындық оқушылар сарайының құрылысы желтоқсан айында аяқталып, ел игілігіне беріледі, - деп түйіндеді Бауыржан Ердембеков.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив