Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
487.73 558.99 6.63

Қазақстанға Ресейден 20 тонна құс етін заңсыз әкелмек болған

17-11-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР аумағына өтетін «Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде ірі көлемдегі құс етін заңсыз әкелу әрекетінің жолы кесілді.

Ресей Федерациясының Самара облысынан Қызылорда облысына бет алған жүк көлігі міндетті тексеру үшін тоқтатылған.

Жіті тексеру кезінде жүкте құжаттары талапқа сай келмейтін 20 тонна құс еті бар екені анықталды. Мәселен, аталған өнімді шығарған кәсіпорын ЕАЭО Реестріне кіретін және Қазақстан аумағына жануарлардан алынатын өнімді экспорттауға рұқсат берілген ұйымдар тізімінде жоқ болып шықты.

Ветеринариялық-санитариялық талаптардың бұзылуына байланысты жүк көлігі өнім жөнелтілген елге кері қайтарылды. Көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысы аумағында ветеринариялық заңнаманы бұзудың 204 фактісі анықталды. Тексерістер нәтижесінде 204 көлік кері қайтарылып, 130 әкімшілік хаттама рәсімделді. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 11 млн теңгеден асады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив